Қайырымдылыққа қаражат жинау 2012/Уикипедия видеосының әсері (субтитрлар)

This page is a translated version of the page Fundraising 2012/Translation/Impact Of Wikipedia Video (subtitles) and the translation is 100% complete.

00:00:00.000,00:00:05.000 Уикипедия - бұл коммерциялық емес жоба, соған қарамастан ол - әлемдегі ең танымал 5-ші сайт. Уикипедиядағы барлық мақалалар ерікті адамдармен жазылады

00:00:06.000,00:00:11.500 Біз сіздерді солардың ішінен кейбірімен таныстырғымыз келеді...

00:00:12.000,00:00:13.000 Мен Непалданмын

00:00:13.100,00:00:14.000 Мен Ирактанмын

00:00:14.100,00:00:16.000 Мен Үндістаннан келдім

00:00:16.001,00:00:17.000 Мен Нью-Джерсидегі Байрамнанмын

00:00:17.100,00:00:18.000 Мен Бирмингемде тұрам, Англия

00:00:18.100,00:00:22.050 Чикаго, Иллинойс — Ла-Пас, Боливия — Найроби, Кения

00:00:22.051,00:00:24.000 Куала Лумпур, Малайзия — Милан, Италия — Оңтүстік Африка

00:00:24.100,00:00:26.100 Польша — Жапония — Армения

00:00:26.200,00:00:28.000 Бразилия — Ресей — Ботсвана

00:00:28.001,00:00:30.500 Израиль — Өзбекстан — Гонконг

00:00:30.501,00:00:31.000 Стамбұл (Түркия) — Мексика

00:00:31.001,00:00:32.000 Чаттануга, Теннесси штаты

00:00:33.000,00:00:38.000 Уикипедияға 2008 жылы алғаш қосылған кезімде, мен көптеген мақала бастадым.

00:00:38.100,00:00:44.000 Солардың бірі, қателеспесем, Мәриям Нуар есімді ханым туралы болатын.

00:00:44.100,00:00:48.000 Бізде бұл кісі туралы мақала болмаған еді және бұл менің алғашқы мақалам болды.

00:00:48.100,00:00:52.500 Артынан мен ол жөнінде ұмытып кеттім! Екі әлде үш жылдан соң ба,

00:00:52.600,00:00:57.000 мен бұл мақаланы қайтадан кездестірдім. Сол кезде мен қатты таң қалдым.

00:00:57.100,00:01:02.000 Бұл мақаланы жүз мыңнан астам адам оқыған.

00:01:02.100,00:01:08.000 Олар мақаланы қолданған, одан өздеріне қажет ақпарат алған. Олар мұны оқыған,

00:01:08.100,00:01:15.000 мұны көргеннен кейін сен өзіңді жүз мыңнан астам адамға көмегің тиіп, оларға әсер еткеніңдей сезесің.

00:01:15.500,00:01:19.000 Ең бірінші рет "өңдеу" батырмасын басқанымда қатты қорықтым.

00:01:19.100,00:01:24.000 "Құдайым-ау, мен бәрін бүлдірем ғой! Бұл іске аспайды! Мен бұлай жасай алмаймын!"-деп ойладым.

00:01:24.100,00:01:29.000 Уикипедия - ашық жоба, мұнда әркім өз идеясын ұсына алады

00:01:29.100,00:01:34.000 және артынан басқа біреу бұл идеяны іліп әкетіп, кемеліне жеткізіп, әрлеп береді.

00:01:34.100,00:01:40.500 Мыңдаған адамдар күн сайын, сағат сайын, әрбір минут сайын Уикипедияны жақсарту үшін тер төгуде.

00:01:40.501,00:01:44.000 Солардың басым көпшілігі - ерікті адамдар. Бұл волонтерлықтықтың бірегей әдісі.

00:01:44.100,00:01:49.000 Ол белгілі бір бір тақырыпқа құмарлығы бар әуесқойлардың да, кәсіпқойлардың да басын біріктіреді.

00:01:49.100,00:01:54.000 Бастапқыда өзгеше пікірде болған адамдар кейін қол ұшын бере бастайды.

00:01:54.001,00:01:58.500 Сіз ірі интернет-корпорациямен басқарылып отыр-ау деп пайымдайтын нәрсенің көбін

00:01:58.501,00:02:01.000 мына мен сияқты ерікті жандар орындауда.

00:02:01.100,00:02:05.000 Сіз жай ғана "Жарайды, менікі - дұрыс, сіздердікі - бұрыс. Мінекей, мына мақалаға арналған менің нұсқам!"- деп айта алмайсыз.

00:02:05.100,00:02:07.000 Егер қандай да бір ағаттықта күмән бар болса,

00:02:07.100,00:02:11.000 әлдекім бұл жөнінде белгі қоюы мүмкін. Ал егер қоймаса, онда өзім де қоя аламын.

00:02:11.000,00:02:13.000 Жүздеген және мыңдаған адамдар бұл белгіні көреді

00:02:13.001,00:02:15.000 және олқылықты түзейді.

00:02:15.001,00:02:16.400 Сол кезде мен батырманы басамын да

00:02:16.401,00:02:19.600 Бум - Саяхат басталып кетті және бұл керемет болды.

00:02:19.601,00:02:21.000 Мен алдымен "Ықтималдықтан" бастадым.

00:02:21.001,00:02:24.000 Менің алғаш бастаған мақалам "Ықтималдық" болатын.

00:02:24.001,00:02:26.000 Менің Уикипедияда жазған мен үшін маңызды мақалаларымның бірі -

00:02:26.001,00:02:27.400 пышақпен зақымдалған дене жарақаттары туралы еді

00:02:27.401,00:02:29.000 Мен шыбын-шіркей арқылы балық аулау,

00:02:29.001,00:02:32.000 Монтананың тарихы, Ұлттық Парктің тарихы, Йеллоустоун туралы мақалалар жазамын.

00:02:32.001,00:02:36.100 Қолданылмайтын дақылдар. Шахматшылар. Биологиялық әралуандылық.

00:02:36.101,00:02:39.100 Әскери тарих бойынша тақырыптар. Армения тарихы. Рим тарихы.

00:02:39.101,00:02:42.100 Судьялар. Коммуникация. Өмірбаяндар. Футбол.

00:02:42.101,00:02:45.901 Ирландия. Пенсильвания. Көбінесе фотосуреттер жөнінде.

00:02:45.901,00:02:47.600 Pink Floyd. Ұннан жасалған тағамдар пісіру, себебі мен пісіргенді ұнатамын.

00:02:47.601,00:02:50.200 Ядролық қару және радиоактивтілік,

00:02:50.201,00:02:52.000 тау суларында каякпен жүзу.

00:02:52,201,00:02:56.000 Осыншама ақпараттың барлығы әйтеуір бір жерде бар, бірақ бөлік-бөлік болып шашырап жатыр.

00:02:56.001,00:02:59.000 Ал біз мұның бәрін бір жерге жинаймыз.

00:02:59.100,00:03:03.000 Біз әрбір адамға еркін әрі шексіз білімді

00:03:03.101,00:03:07.000 олардың өздерінің ана тілдерінде ұсынамыз. Олар оны сол тілде қолдана алады.

00:03:07.501,00:03:11.000 Мейлі бай болсын, мейлі кедей болсын - әрқайсысы бұдан пайда табады.

00:03:11.001,00:03:16.000 Коммерциялық компаниялардың өздерінің түрткі боларлық мақсаттары мен әртүрлі талаптары болады.

00:03:16.500,00:03:22.000 Мен Уикимедия қорынан ешқандай да жалақы алмаймын. Сондай-ақ мен ешқандай да шығынға кенеліп жатқаным жоқ.

00:03:22.001,00:03:25.500 Мен шын жүректен мына нәрсені айта алам (және бұл өте маңызды деп ойлаймын):

00:03:25.501,00:03:30.500 "Тыңдаңыз, мен сізден ақша сұраған кезде, мен ақшаны өзіме сұрамаймын -

00:03:30.501,00:03:36.000 Мен ақшаны өзім соның мүшесі болып табылатын осындай керемет қоғамдастыққа демеу беретін Уикимедия Қоры үшін сұраймын."

00:03:36.501,00:03:41.400 Уикипедия маған бұл әлемде үлкен өзгерістер жасауға мүмкіндік берді деп ойлаймын.

00:03:41.401,00:03:48.000 Бұл сізге және сіздің бала-шағаңызға арналған инвестиция секілді.

00:03:53.401,00:03:57.000 Рахмет СІЗГЕ!

00:04:00.000,00:04:03.000 Видеоның ішіндегісі Creative Commons Attribution-ShareAlike (http://creativecommons.org/licenses/by-sa/3.0) лицензиясы аясында қолжетімді (егер басқаша айтылмаған болса). Осы жұмыстың аттрибуциясы: Виктор Григас және Уикимедия Қоры. Бұл видеода айтылған көзқарастар мен пікірлер осы видеода көрсетілген тұлғалардың өз сөздері болып табылады және осындағы қайсыбір тұлға мүшесі болып табылатын қандай да бір компанияның, ұйымның немесе басқа да құрылымның саясаты мен позициясын қамтып көрсетуі шарт емес. Уикимедия Қоры және басқа да ұйымның сауда белгілері мен логотиптері Creative Commons лицензиясының аясына кірмейді. Wikimedia сауда белгілері мен логотиптері ("Wikipedia" және пазлды глобусты қосқанда) Уикимедия Қорының тіркелген сауда белгілері болып табылады. Көбірек мағлұмат үшін біздің Trademark Policy торабын http://www.wikimediafoundation.org/wiki/Trademark_Policy көріңіз немесе trademarks@wikimedia.org мекенжайына хабарласыңыз.

00:04:03.000,00:04:05.000 Бұл видео Creative Commons лицензиясы аясында жарияланды.

00:04:05.001,00:04:09.000 Уикипедия секілді мұны да қалағаныңызша көшіріп, өңдеп, тарата беруіңізге болады.