Қазақша сөйлейтін уикимедиашылар қатысушы тобы

This page is a translated version of the page Wikimedia Community of Kazakh language User Group and the translation is 93% complete.
Outdated translations are marked like this.
Қазақ тілінде сөйлейтін уикимедиашылардың қатысушылар тобы
Басты бет Ережелер Қатысушылар Жобалар Іс-шаралар Жыл сайынғы есептер

Қазақша сөйлейтін уикимедиашылар қатысушы тобы — Уикимедиа жобаларын қазақ тілінде дамытқысы келетін адамдардан құралған топ. 2019 жылғы 28 қарашада құрылып, 2020 жылғы 24 наурызда Уикимедиа қорының Серіктес ұйымдар немесе тұлғалар (аффилиаттар) жөніндегі комитетінде (Affcom) тіркелді.

Біз туралы

Бұған дейін 2011 жылы Уикимедиа Қазақстан қауымдастығын құруға деген талпыныс болды, алайда іс соңына дейін бармады. Кейін 2019 жылдың аяғында аймаққа емес, тілге негізделген топ құруды ұйғарып, 2019 жылғы 28 қарашада тілге қатысты қауымдастық болып қызмет ететін қатысушылар тобы статусын алуға өтінім тастадық. 2020 жылғы 24 наурызда Уикимедиа қорының Серіктес ұйымдар немесе тұлғалар (аффилиаттар) жөніндегі комитеті (Affcom) өтінімді қабылдап, топты тіркеді.

Басты мақсатымыз – Уикимедиа жобаларындағы қазақша сөйлейтін қауымдастыққа қолдау көрсету, яғни қазақ тілінде сөйлейтін қатысушылардың жұмысын жақсарту, топ мүшелерінің өзара, сондай-ақ басқа уики-қауымдастықтармен және білім таратуға қызығушылық білдіретін Уикимедиадан тыс ұйымдармен ынтымақтастығын арттыру; кездесулер мен сайыстар өткізіп тұру. Мақсатымыз Уикимедиа миссиясымен, яғни білімді әлем бойынша тарату идеясымен ұштасады, бұл мақсаттағы біздің міндет – сол білімді қазақша сөйлейтін адамдарға жеткізу. Қатысушыларымыз көбіне Қазақша Уикипедияда, Қазақша Уикисөздікте, Қазақша Уикидеректе, сондай-ақ Ортаққорда белсенді.

Уикимедиа Қазақстан бөлімін (чаптерін) құру туралы ойымыздан әлі де бас тартпағанымыз туралы атап өткіміз келеді, осылайша Қазақстандағы басқа да тілдерде сөйлейтін уикимедиашыларға көмектесу де ойымызда бар. Чаптерді құрғаннан кейін де қазақ тілінің Уикимедиа экожүйесінде көбірек болуына үлес қосуды жалғастыра береміз, өйткені қазақ тілін тек Қазақстандағы емес, Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Иран сияқты басқа да елдердегі адамдар да қолданады.

Жауапты тұлғалар

  1. Batyrbek.kz — негізін қалаушы, Уикимедиа қорымен хабарласушы тұлға.
  2. Kaiyr — негізін қалаушы, Уикимедиа қорымен хабарласушы тұлға.
  3. Amangeldi Mukhamejan — негізін қалаушы.

Қатысқысы келетіндер

  1. Batyrbek.kz (talk)
  2. Kaiyr (talk)
  3. Amangeldi Mukhamejan (talk)
  4. AlibekKS (talk)
  5. Yerzayan 94 (talk) 11:01, 2 March 2020 (UTC)[reply]
  6. Ircpresident (talk) 13:37, 6 September 2020 (UTC)[reply]
  7. Malik Nursultan B (talk) 05:34, 15 January 2023 (UTC)[reply]
  8. Aidyn93 (talk)
  9. --Madi Dos (talk) 05:39, 24 January 2023 (UTC)[reply]
  10. --Zhandaulet.0. (talk)
  11. --Asylzat.04(talk)
  12. IL68 (talk)--IL68 (talk) 10:22, 28 February 2023 (UTC)[reply]
  13. Smanovaakbota (talk)
  14. Ashina (talk) 09:48, 31 January 2024 (UTC)[reply]
  15. Almagul Ibragimova (talk)
  16. Shargabay Nurgeldi (talk)

AffCom шешімі