Әмбебап әдеп кодексі/Орындауды қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасы/Хабарландыру/Дауыс беру 2

This page is a translated version of the page Universal Code of Conduct/Revised enforcement guidelines/Announcement/Voting 2 and the translation is 100% complete.
Universal Code of Conduct

Әмбебап әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасына дауыс беру басталды

Бұл хабардың басқа тілдерге аударылған нұсқасын Meta-wiki сайтынан таба аласыз.

Сәлеметсіздер ме!

Әмбебап әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасына дауыс беру кезеңі басталды! Дауыс беру уақыты екі аптаға созылады және 2023 жылғы 31 қаңтар күні сағат 23:59-да (UTC) аяқталады. Кімдер дауыс бере алатыны, сондай-ақ қалай дауыс беру керектігі туралы білу үшін Meta-wiki сайтындағы дауыс берушілерге арналған ақпарат бетіне өтіңіз.

Әмбебап әдеп кодексінің (ӘӘК-нің) орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулық пен дауыс беру процесі туралы толық ақпарат алу үшін алдыңғы хабарды оқыңыз.

ӘӘК жобасы тобының атынан,