Сәлем, менің есімім Гүлфайруз. 2016 жылы Ақтау қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінде Уикипедия клубын ашып, 2022 жылға дейін түрлі іс-шаралар ұйымдастырған болатынмын. Клубта осыған дейін 100-ден аса оқушы болды. Жыл сайын тақырып таңдалып, соның аясында оқушылар мақалалар жариялайтын. Мысалы, "100 есім" аясында танылмай қалған, еңбегі сіңген қайраткерлердің биографиялары жарияланған болатын. WikiCamp жобасы аясында Уикипедияда жоқ Энциклопедиядағы мәліметтерді жинап, барлық мектеп оқушылары бір уақытта отырып сол мақалаларды жариялайтын. Онымен қоса, оқушылардың Қазақша Уикипедияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында Жыл Уикипедияшысы номинациясы беріліп отырды. Оған сапалы әрі саны көп мақала жариялаған оқушылар ие болды.
Қазір, Назарбаев Университетінің бірінші курс студенті бола отыра, әлі де Қазақша Уикипедияның дамуына үлесімді қосқым келеді. Wikimedia Community of Kazakh language жобасына Ақтау қаласынан баратын боламын.

User language
kk-N қазақша бұл қатысушының ана тілі боп саналады.
ru-4 Этот участник владеет русским языком почти как родным.
en-5 This user has professional knowledge of English.
Users by language