Fundraising 2011/Alan Letter/kk

Translation instructions
  • For pages marked "Missing" or "In progress", click the page title and start translating. When you are done, click "edit status" and change the status to proofreading.
  • For pages marked "Needs updating", compare the page to the source page and update the translation accordingly. When you are done, click "edit status" and change the status to proofreading.
  • It is important to have someone else proofread the translated page! If you have proofread a page and it is ready for publication, click "edit status" and change that page's status to ready.
  • If you are changing something that has already been published, change its status back to ready for it to be published again.

If you have any questions or feedback regarding the translation process, please post them here. Translation FAQ

Мен Уикипедияға өз еркіммен 2 463 мақала жаздым. Және барлығы тегін. Мен – өте ірі қаржылық компьютер жүйелерімен жұмыс істейтін жүйелік кеңес берушімін. Егер Уикипедияға кіріп өткізген уақытым үшін ақша төленер болса, онда жүздеген мың доллар табыс жинаған болар едім.

Алайда мәселе бұл жерде ақшада емес. Сіз Уикипедияда мүлдем басқа «валютамен» жұмыс істейсіз. Ол – ерекше ынтамен құлшына кірісетін менің тарапымнан және басқа да мыңдаған редакторлардың еңбегімен берілетін ақпарат. Ақпарат қаншалықты еркін, қолжетімді болса, қоғамның соншалықты жақсы болатындығын біз бәріміз білеміз.

Әрине, тегін ақпаратты қолдау инфрақұрылымының (ішкі құрылымы) қаржысыз жасалмайтыны белгілі, сондықтан да біз әр жылы тілектестерімізден көмек қолын созуларын сұраймыз. Уикипедияда ешқандай жарнама, беттерінің қапталдарында бір нәрсені дәріптеу секілді дүниелер болмайды, біз сізге бірнәрсені насихаттап сатуға тырыспаймыз. Уикипедия ешқандай коммерциялық іс-әрекетпен айналыспайды.

Біз іздеген ақпаратыңыздың өзіңізге уақытылы жетуіне мүмкіндік туғызу үшін сізден 5 доллар, 10 еуро, 1000 иен немесе басқа да сомада қаржы аударуыңызды ғана өтініп сұрай аламыз.

«Уикимедиа Қоры» (Wikimedia Foundation) атты коммерциялық емес ұйым тарапынан басқарылатын, біздің жұмысымызды алға бастыратын инфрақұрылым минималды деңгейдегі инфрақұрылым болып саналады. Google-де шамамен миллион сервер болса, Yahoo-де 13 мың қызметкер бар. Ал бізде 400 сервер мен 95 қызметкер ғана жұмыс жасайды.

Уикипедия – желідегі танымалдығы жағынан әлемде бесінші орында тұрған сайт, ол ай сайын миллиардтан астам ақпарат бетін қарайтын 454 миллион адамға қызмет көрсетеді.

Уикимедиа Қоры – бұл көрсеткен кішкене қолдауың болашақ үшін жасаған игі ісің болып қалатын орын.

Экономика адамдардың тек ақша табу үшін ғана жұмыс істеуіне негізделген. Егер ақша төлемейтін болсаңыз, біреулерді өз еркімен қалайша жұмыс істеуге мәжбүрлей аласыз.

Уикипедияда бірлесе жұмыс атқару және білімді жетілдіруге құмарлық баға жетпес ресурстарды құрастыруға мүмкіндік берді. Мәдениетті ешқашан аукционға салуға болмайды. Мұнда Сіз алдын-ала сұрыпталған сапалы да нақты ақпаратты ала аласыз. Қалыпты стильде жинақталған, құжаттандырылған, тікелей дереккөздеріне жалғайтын сілтемелері бар заманауи ақпаратты Сіз кез келген уақытта, қажет болған жағдайда еркін де оңтайлы жолмен ала аласыз.

Менің ойымша, бұл – тамаша келісім.

Назар салғаныңызға Рахмет!

Алан Сон
Уикипедия авторы