Түркі тілді Уикимедиа конференциясы

Кіріспе   Ұсыныстар   Кесте   Ұйымдастырушылар   Қатысушылар   Қонақ үй   Спонсорлар   ЖҚС
Turkic Wikimedia Conference logo

«Turkic Wikimedia Conference» — халықаралық түркі тілдес Уикипедиялардың конференциясы, «Wikimedia Foundation» қорының ұсынысымен және қолдауымен Қазақша Уикипедияның даму үлгісін өзге түркі тілдес Уикипедиялармен бөлісу мақсатында өткізілген шара. Конференцияның мақсаты уики-қауымдастықтардың арасында байланыс нығайту, ашық білім беру ресурстарын дамыту болды.

«Turkic Wikimedia Conference» 20-21 сәуір аралығында, Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Химия факультетінің үлкен залында өтті. Жобаның басты мақсаты Wikimedia қозғалысы мен Creative Commons лицензияларына негізделген ашық және еркін білімді дамыту және қалыптастыру үшін белсенді үлес қосатын түркі тілдес елдерінде желідегі тұрақты топты қалыптастыру. Turkic Wikimedia Conference келесідей нәтижелерге қол жетуге тырысады:

  • Түркі тілдес елдерде Wikimedia қозғалысы мен Wiki-жобаларды дамыту;
  • Creative Commons қоғалысын дамыту;
  • Wikimedia қауымдастықтарының арасында тұрақты байланыс орнату;
  • Wikimedia өңірлік өкілдіктер мен Creative Commons командасын құру мәселелері;
  • Wikimedia жобаларын білім беру процессінде қолдану;

Конференция — қоғамның Уикимедиа жобалары және еркін мәдениетті (Creative Commons) насихаттау жайында кеңінен хабардар болуына ықпал етті. Сонымен қатар жастардың ғаламдық энциклопедияға үлес қосуын арттыру, әр қоғам өз тілі үшін өзі жауапты, мүдделі екенін түсіндіру, интернет сауаттылықты арттыру, ашық және еркін ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету, шығармашылық адамдар үшін өзінің туындыларын жасау мен таратудың жаңа құралдарымен таныстыру, ЖОО-да Уикипедияны білім беру процессінде қолдану мәселелерін қарастыру, Уикипедия елшілері жобасын әр қалада жүзеге асыру, журналисттер мен блоггер арасында СС лицензияларын кеңінен қолдану сияқты мәселелері қарастырылды.

аяқталды

'

БайланысEdit

  • mail:
  • Шұғыл байланыс үшін: +7 701 2208270
  • WikiBilim қоғамдық қорының жоба жетекшісі: Нартай Әшім<n.ashim AT wikibilim.kz >
  • WikiBilim қоғамдық қорының үйлестірушісі: Нұрбек Матжани <n.matzhani AT wikibilim.kz >