Wikimedia Blog/Drafts/Kazakh students Wikimania 2013

Қазақша

edit

Қазақстандық оқушылар Wikimania 2013 конференциясында

edit

Text

edit

Басқа елдер сияқты Қазақстан да әлемде болып жатқан жаңалықтардан құр қалмай, даму мен өсу, біліммен бөлісу сияқты үрдістердің қақ ортасында болуға тырысады.

Соның бірі Қазақстанда Уикипедия ашық энциклопедиясының қазақша бөлігін дамыту болып табылады. Қазақстанда жүргізіліп жатқан жобаның негізгі мақсаты «уикипедияшылардың» қауымдастығын құру арқылы энциклопедияның қазақ бөліміндегі мақалалардың саны мен сапасын көтеру. Энциклопедияға мақала жазу мен оны өңдеу – тіл мен білімге жанашырлардың қолы қалт еткенде айналысатын интеллектуалдық хоббиіне айналып отырғаны сөзсіз. Осындай мақалалар жазу интернетті игеруге енді кіріскендердің «онлайн» сауаттылығын көтеруге де септігін тигізеді.

 
Оқушылар мен мұғалімдер Джимми Уэйлспен кездесу барысында. Wikimania 2013

Осы бастаманы жүзеге асырып жүрген «WikiBilim» Қоғамдық Қоры соңғы екі-үш жылда уикипедияның қазақша бөлігіндегі мақалалар саны мен уикипедияны қолдайтын, мақалалар жазып, өңдейтін еріктілердің көбеюіне атсалысты. Ең басты мақсат уикипедия туралы адамдарды хабардар ету, мақала жазу, өңдеу, уикипедияның басқа да жобалары туралы ақпараттар беру, адамдардың тілдің дамуына өзіндік үлесін қосуға ынталарын арттыру сияқты жұмыстар жүргізілді. Осы бағытта қоғамдық қор мүшелері оқу орындарына барып, түрлі семинар, конференцияларға қатысып ақпарат таратты, әртүрлі байқаулар ұйымдастырып адамдардың қызығушылығын оятты.

Жұмысымыздың тағы бір бағыты мектептермен байланыс орнатуға арналды. Көптеген кездесулер мен талқылаулардың нәтижесінде Қазақстандағы Назарбаев Зияткерлік мектептерімен тығыз байланыс орнатылып, осы мектептерде Уикипедия үйірмелерін (Wikipedia Club) ашу бағытында жұмыстар жүргізілді. 2013 жылдың ақпан–мамыр айларында Қазақстанның біраз бөлігінде ашылған он мектепте оқушылар мен мұғалімдерге арналған семинар-тренингтер өткізіліп, оған 300-ден аса оқушы, 40-тан аса мұғалім қатысты. Семинар-тренингтер барысында «WikiBilim» Қоғамдық Қорының мамандары презентациялар өткізіп қана қоймай, мақала қалай жазу, өңдеу керек, сурет жүктеу, сілтемелер жасау, уикипедияның басқа да жобалары, әсіресе, уикисөздік пен уикикітапты пайдалану жолдарын да үйретіп өтті. Семинар-тренингтер барысында оқушылар жеке және топтасып мақалалар жазып, оны қатысушылардың алдында презентация жасау арқылы ұсынды.

Семинар-тренингтер аяқталғаннан кейін де оқушылар ұйымдастырушылармен хабарласып тұрып, мақалалар жазу, өңдеу дағдыларын жетілдіре түсті.

Мақала жазудың бір бағыты ретінде уикипедияны сабақ өткізу барысында құрал ретінде қолдану жолдары да айтылды. Әсіресе уикипедияны қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдану жолдары оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Жұмыс барысы былай жүргізілді: ұйымдастырушылар 7-11 сыныптарда оқытылатын әдебиеттер тізімін жасап шықты. Соның ішінен ең танымалдылары таңдалып үлгі мақалалар жазылды. Мақаланың құрылымында шығарманың қысқаша мазмұны мен кейіпкерлеріне сипаттама беру басты орында болды. Осындай мақалалардың құрылымын оқушыларға түсіндіру арқылы жұмыс жалғастырылды, оқушылар топтасып жұмыс істеді. Осының нәтижесінде қазір уикипедияның қазақша бөлігінде көркем шығармалармен байланысты он бестен аса мақала бар. Талданған шығармалардың ішінде Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» пен «Қараш-қараш оқиғасы», Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» т.с.с. бар. Болашақта бұл мақалаларды басқа да қатысушылар өңдеп, толықтырып, жақсарта түсетініне сенімдіміз.

Семинар-тренингтерге қатысқан оқушылардың ішіндегі ең белсенділері, мақала жазып өз үлестерін қосып жүрген балалар мен олардың ұстаздары 2013 жылдың 9-11 тамызында Гонконгте, Гонконг Политехникалық университетінде өткен “Wikimania 2013” халықаралық конференциясына қатысып келді. Конференцияға «WikiBilim» Қоғамдық Қорының мамандарымен бірге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 33 оқушысы мен 12 мұғалімі қатысты. Конференция барысында қазақстандық делегация өздеріне ұнаған сессияларға қатысып, қатысушылармен танысып, өз ойларымен бөлісіп, көп әсер алып қайтты. Тағы бір айта кететін жәйт конференция барысында мектеп оқушылары мен мұғалімдер Уикипедияның негізін қалаушы Джимми Уэйлспен кездесіп өз сұрақтарын қойды. Сұрақтардың ішінде «Балаларға арналған уикипедия ашуға бола ма?» «Қазақстанда Уикимания конференциясын өткізуге қалай қарайсыз?», «Уикипедияда ең бірінші мақала қай мақала болғаны есіңізде ме?» т.с.с. болды.

Бұл конференция көпке дейін есте қалатын конференция болды, конференцияға қатысушылардың барлығы көп әсер алып қана қоймай, презентация жасау жолдары, өз ойын жеткізу, топтасып жұмыс істеу, жұрт алдында сөйлеу, волонтерлық көмек көрсету т.с.с. сияқты дағдылардың да маңыздылығын көрді. Болашақта конференцияға қатысқан оқушылар мектептерде ұйымдастырылатын үйірмелердің белсенді мүшелері болып, қазақша уикипедияның мақалалар саны мен сапасының артуына үлес қосатындарын, сонымен бірге басқа да оқушыларға, достарына ашық энциклопедия туралы айтып, білгендерін үйрететіндерін де айтты.

Бақытгүл Салыхова
Алматы, Қазақстан

English

edit

Kazakh students at Wikimania 2013

edit

Text

edit
 
Students from Nazarbayev Intellectual Schools at Wikimania 2013 in Hong Kong

Like other countries, Kazakhstan tries to keep abreast of all the news happening in the world, to be at the center of development and growth, and to make and share our experiences and knowledge.

One such process is the development in Kazakhstan of the Kazakh Wikipedia, the free online encyclopedia. The main objective of the project is carried out in Kazakhstan through the establishment of a Wikipedia community, which seeks to increase the quantity and quality of the articles in Kazakh. Writing articles and editing of articles is becoming an intellectual hobby of people who care about language and education in the country. At the same time, writing articles promotes online literacy for people who are beginning to explore the Internet.

The WikiBilim Public Foundation is one of the most active organizations supporting this initiative. It has contributed to increasing the number of articles and recruiting more volunteers to contribute. Through various initiatives, it has worked to inform people about Wikipedia in general, about writing articles, editing, presenting other Wikimedia projects and to an increase in interest and desire to contribute to the development of language. In this direction, WikiBilim members have approached various institutions and universities, they have spoken at various seminars and conferences, they have organized workshops to share information, and they have staged various competitions to increase people's interest in the projects.

One focus of our work has been dedicated to the creation of links with schools. As a result of many meetings and negotiations, we contacted the Nazarbayev Intellectual Schools and helped them establish a “Wikipedia Club.” From February to May 2013, we held seminars and workshops for students and teachers in 10 public schools in Kazakhstan, events that were attended by over 300 students and 40 teachers. During the seminars, WikiBilim specialists performed not only the presentation, but also practical sessions to explain how to write encyclopedic articles, how to edit, upload photos and make links. They also introduced other Wikipedia projects, especially how to use Wiktionary and Wikibooks. During the workshops, students work both individually and in groups to write articles and then they present them in front of other students.

After completion of the training seminars we kept in touch with all the participants, answer their questions, and help improve the skills of writing and editing articles.

In some cases, teachers have used Wikipedia article writing as a tool in the teaching of school subjects. In particular, students expressed great interest for using Wikipedia in lessons on Kazakh language and literature. The work has been organized as follows: the organizers have compiled a list of literature that is studied in grades seven through eleven. Then from this list, they selected the most famous books and wrote articles based on a framework provided to them. In the structure of articles, they have focused on the content of the work and a brief description of the main characters. Most students worked in groups. As a result of such work they developed more than 15 articles in Kazakh Wikipedia related to the books. We hope in the future these articles will be further edited and improved.

 
Students presented Wikipedia founder Jimmy Wales with a decorative hat

The students who were most active and who contributed the most to the development of Wikipedia were able to travel with their teachers to attend the international Wikimania 2013 conference 9-11 August 2013 in Hong Kong at Hong Kong Polytechnic University. 33 pupils and 12 teachers from Nazarbayev Intellectual Schools participated in the conference, as well as representative of WikiBilim. The Kazakh delegation attended a number of sessions, got acquainted with participants from other countries, shared their views and experience and developed a lot of good impressions. Of note, during the conference students met with Wikipedia founder Jimmy Wales and asked him questions, such as: "Is it possible to open Wikipedia for children?" "What do you think about organizing a Wikimania conference in Kazakhstan?" "What was the very first article in Wikipedia?" etc.

Both the students and the teachers will remember the conference for a long time. The participants had memorable impressions and also saw the importance of making presentations in front of a large audience, communicating their ideas, working in groups, volunteering. Pupils assured us that in the future they will continue to be active participants in their schools Wikipedia Clubs, they will share their experiences with other students, and they will help spread information and teach others to write articles and develop Kazakh Wikipedia.

Bakytgul Salykhova
Kazakh Wikipedia editor
Almaty, Kazakhstan

Notes

edit